![Қостанай облысының бірнеше елді мекенінде дәрігерлер жаңа көлікке мінді](/media/2020/05/22/pap_1627_novyy-razmer.jpg)
«УАЗ» маркалы жаңа автокөлік кілттері Тобыл қаласының жедел жәрдем станциясына және Надеждинка, Озерный ауылдық ауруханасына тапсырылды.
Көлік кілттерін автокөлік жүргізушілеріне аудандық аурухананың бас дәрігері Сырлыбек Мещанов табыс етті.
- Бұл машиналар науқас тасымалдауға арналған. Жолай сырқаттың жағдайына мониторинг жасауға мүмкіндік бар. Автокөліктер GPS-навигаторлармен жабдықталған. Облыста қазір медициналық технологияларды, жедел санитарлық көмекті дамытуға ерекше көңіл бөлінген, - деді бас дәрігер.
Қостанай облысы