Білім • 23 Мамыр, 2020

ҚазАТУ ұлттық рейтингте екінші орында

551 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚазАТУ Қазақстанда сұранысқа ие жоғары оқу орындары арасында Ұлттық рейтинг көрсеткіші бойынша жоғарғы 2 орынға ие болды. Бұл туралы бүгін аталмыш университетің ректоры Ақылбек Қажығұлұлы ANTIKOR.LIVE жобасы алаңында айтты, деп хабарлады Ұлттық аграрлық ғылым-білім орталығының баспасөз қызметі.

ҚазАТУ ұлттық рейтингте екінші орында

«Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі, қалалық мәслихат депутаты Мирас Ерғалиұлымен болған сұхбат барысында бүгінгі аграрлық білім мен ауылшаруашылығы саласының мүмкіндіктері төңірегінде сөз болды. 

«Қазіргі уақытта білім берудің жаңа жобасына көшуіміз керек. Университеттер диплом беріп қана отырмай, сапалы маман даярлау ісіне көшкені абзал. Сол себепті біз адалдық мәселесін 1-орынға қоюымыз керек. Студент өзі адал болса және білім мен ғылымның ешқандай ақшаға сатылмайтындығын түсінген кезде нағыз сапалы маман болып шығады. Алдымен осы мәселені түсініп алуымыз керек», деді Ақылбек Күрішбаев. 

Сұхбатта көтерілген тағы бір мәселе, ауылшаруашылығы саласы бойынша маман даярлау ісі болды. Бұл жөнінде ректор «Еліміз аграрлық мемлекет. Сондықтан салаға маман даярлау ісі еш тоқтамауы керек. Біз заманауи технология негізіндегі мамандар мен ғалымдарды өзімізде даярлауымыз қажет. Осыған байланысты біздің ҚазАТУ Ғылымизерттеу университеті бағытына ауысып жатырмыз. Бұл үлкен жұмыс. Жобаны іске асыру үшін дамыған елдердегі өзіміздің серіктестерді шақырып отырмыз. Атап айтқанда Еуропаның аграрлық университеттері арасында 2 орынға ие болған AgroParisTech, АҚШ-тың Дэвис тегі Калифорния уни верситеттері. Сонымен қоса қос диплом беру мүмкіндігіне ие болып отырмыз», деді.

Еліміздегі ең негізгі сала ауылшаруашылығы болып отырғандықтан саланы жан жақты дамыту бұл тек бір ғана білім ордасының емес үкіметтің де күн тәртібінен еш түспейтін мәселе болуы керек.