Аймақтар • 23 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: 42 адамнан коронавирус белгісі табылды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қарағанды облысында 42 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханалық негізде расталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы: 42 адамнан коронавирус белгісі табылды

ПТР-зерттеулер COVID-19 барын растаған бұл науқастардың 30-ы бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған. Ал 12 адам КВИ-ге скрининг жүргізу нәтижесінде анықталды.

Қазіргі уақытта барлық пациенттер инфекциялық стационарларға жатқызылған. Ауырғандардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, олар бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қарағанды облысында 22 мамырға дейінгі мәліметке сай, барлығы 472 адам КВИ жұқтырған. Оның ішінде үш науқас қайтыс болды және 180 адам індеттен жазылып шықты.