Коронавирус • 23 Мамыр, 2020

Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 34 адам анықталды

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша 22 мамыр күні Шымкентте 34 тұрғыннан COVID-19 диагнозы нақтыланды. Оның 19-ы вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болса, екеуі ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. 12-сі скрининг нәтижесінде анықталған. Біреуі халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.

Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 34 адам анықталды
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.     
 
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
 
22 мамыр күні қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 573 адамдардың жалпы саны 573-ке жетті.