Аймақтар • 23 Мамыр, 2020

Баянауылда туристік саланы дамытуға арналған жаңа жоспар әзірленіп жатыр

771 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай, індеттің таралуы салдарынан халықаралық туристік бағыттардың азаюына орай осы жазда өңіріміз туристерді қабылдауға дайындалуда.

Баянауылда туристік саланы дамытуға арналған жаңа жоспар әзірленіп жатыр

Жалпы алдын-ала есептеу бойынша, Баянауыл ұлттық паркінің курорттық аймағына алдағы жазда 300 мыңға жуық туристі күтіп отыр.

Облыс әкімдігінде өткен  жиында өңір басшысы Баянауылдағы Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдерін аралап көргенін, бірақ туристер үшін қарапайым жағдай да жасалмағанын айтты. 

- Қазір туризм басқармасы, аудан басшылығы және менің туризмге жауапты орынбасарым курорттық аймақты дамыту жоспарын дайындап жатыр, – деп атап өтті  облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Яғни, алдымен бұрынғы инфрақұрылымның дайындығын сараптамадан өтеді. 

Мақсат - туристік бизнес тарапынан мәдениет пен сервисті арттыру.

Биылғы жылы курорттық аймақта 30 километрге жуық жолға асфальт төселеді, 13,5 шақырым электр желісі және 52 километрге жуық су құбыры салынады.

Жазғы маусымның ашылуына дейін Баянауылда Әулие бұлақ пен Қоңыр әулие үңгірі аумақтарын абаттандыру жұмыстары басталды.

Сондай-ақ Торайғыр ауылынан көл жағажайына және Қоңыр әулие үңгіріне дейін жол салынуда.

Сонымен қатар Баянауылдағы шағын әуежай арнайы сертификаттаудан өтпеген соң, іске қосылмайды.

Ал, Маралды көлі жағасындағы туризм жобасын көлді зерттеп алмай бастағандықтан, қазір  жабылды деуге болар.

Павлодар облысы