«Науқас инфекциялық ауруханада бір тәулік қана ем қабылдады. Зертханалық тексеру кезінде сынамадан вирус анықталғаны рас. Бірақ ол бұған дейін де жүрек-қан тамырлары ауруымен есепте тұрған еді. Палатада жүрегі тоқтап қалды. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, дәрігерлер өмірін сақтап қалуға күш салды. Өкінішке қарай, ес жия алмады. Ол коронавирус инфекциясынан көз жұмған жоқ. Дегенмен вирус оның өліміне әсер етті ме деген сұрақтың жауабын комиссия шешімінен соң айта аламыз. Комиссия құрамында Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі бар», - деді Әсет Қалиев.
Еске сала кетейік, соңғы деректер бойынша Қазақстанда 7919 адам коронавирус жұқтырды. Оның 4096-сы емделіп, ауруханадан шығарылды, 36 адам қайтыс болды.