Коронавирус пандемиясы мен оның салдарлары экономиканың барлық саласына салқынын тигізіп жатыр. Дүниежүзілік дағдарыстың ауылы алыс емес деген сарапшылардың пікірлерін оқып та, біліп те жүрміз. Әлбетте, бірен-саран онлайн конференция қызметін ұсынатын it-компаниялар табыстың астында қалып жатқан болар? Бірақ күллі әлем қиналса, олардың пайдаға шаш етектен батқаны не керек?

Бәріміздің елеңдеп қарайтын смартфон нарығы осы жағдайды қалай бастан өткеріп жатыр екен? Осы салада зерттеу жұмыстарымен айналысатын Canalys компаниясы әлемдік нарықта биылғы бірінші тоқсандағы смартфон сату 13%-ға төмендегенін айтып отыр. Санмен келтірсек, бұл 272 млн дана смартфон деген сөз.
Әйгілі Samsung ең көп зиян шегіп жатыр. Бұл компанияның смартфон сату көрсеткіші 17%-ға азайып, 60 млн данаға түскен. Екінші орындағы зиян шегуші қытайлық Huawei 49 млн шамасында (17%-ға аз) гаджет сатып, Google компаниясының санкциялары мен шектеулеріне пысқырмай отыр. Бұл жерде Қытайдың ішкі нарығы үлкен септігін тигізуде. Атышулы Apple 37 миллиондық көрсеткішпен үшінші орында. Стив Джобс ізбасарларының сатылымға шыққан смартфондар саны 8 пайызға азайған. Келесі төртінші және бесінші орындарда қытайлық компаниялар. Алпауыт Xiaomi 30 млн құрылғы сатып, оның саны керісінше 9%-ға артса, Vivo компаниясының 24 млн гаджеті сатылып кеткен, әрі 3 пайыздық өсім бар.
Canalys компаниясының аналитигі Бена Стәнтонның пікірінше бұл көрсеткіштер дағдарыс жағдайында әлемдік брендтер үшін көңілге қонымды екенін айтуда. Былтырғы флагмандар мен танымал смартфондар жақсы сатылуда екен. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында IPhone 11, Xiaomi Redmi Note 8T және Samsung A51 сияқты гаджеттер өте жақсы сатылған. Дегенмен де, смартфонды байлықтың белгісі ретінде сатып алғысы келгендер оны кейінге қалдыруға мәжбүр болған екен.
Коронавирус алғашында тек Қытайда ғана белең алғанда Samsung өз құрылғыларын Корея мен Вьетнамда шығарып жол тапты. Бірақ кейінірек ауру кең тарала бастағанда сатылым азайған. Apple болса, IPhone 11 смартфонының аса қатты танымалдылығы арқасында сатылым деңгейі тым көп түспеді. Биылғы IPhone SE сериясы да компанияның стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешімі болып, өнімді сәтті өткізуде пайдасын тигізді.
Huawei түрлі санкцияларға қарамастан смартфонды шығарып та, сатып та пайдасын жақсы тапты. Оған қоса Google сервистері болмаса да Р40 флагманын шығарды.
2020 жылдың алғашқы тоқсанында карантиндік жағдайда бұрын офлайн жұмыс істейтіндер онлайн саудаға көшті. Мұндай режимге үйренбегендер дүкендер үшін бұл логистикалық тұрғыда қиындық туғызып, тауардың қымбаттауына әсер еткен.
Енді екінші тоқсанда коронавирустың шарықтау шегі болуы мүмкін болғандықтан жоғарыдағы көрсеткіштер тағы төмендеуі әбден ықтимал. Бірақ кейбір Еуропа елдері бірқатар шектеулерді алып тастап, үміт отын ұялатып та отыр.
Шымкентте ТОП-10 инвестициялық жобалар іске асады
Аймақтар • Бүгін, 18:36
Қор биржасы 2020 жылды қортындылады
Қаржы • Бүгін, 18:31
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды?
Аймақтар • Бүгін, 18:23
Сарапшылар Қазақстанның ЖІӨ 2021 жылы 2,7% өсетінін болжайды
Қаржы • Бүгін, 18:22
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • Бүгін, 18:15
ЕО вакцинация төлқұжатын енгізе ме?
Медицина • Бүгін, 18:14
Елордада заңсыз орнатылған жарнама объектілері анықталды
Елорда • Бүгін, 18:12
ҰБТ кезінде санитарлық-эпидемиялық нормалар қатаң сақталуда
Білім • Бүгін, 18:06
Алтай Көлгінов акселераторлық даму жұмыс тобының қатысушыларымен кездесті
Елорда • Бүгін, 18:00
Қазақстан Әзербайжаннан қызанақтарды алып келуге уақытша тыйым салды
Қазақстан • Бүгін, 17:53
Қоғамдық көліктерде жол ақысын 4 тәсілмен төлеуге болады
Елорда • Бүгін, 17:50
Түркістан облысының полицейлері жоғалып кеткен әйелді аман-есен тапты
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Полицейді көлік капотында сүйреген ақмолалық 5 жылға қамалды
Аймақтар • Бүгін, 17:35
Маңғыстауда өткен жылы 18 кәсіпорын индустриялық сертификатқа ие болды
Аймақтар • Бүгін, 17:33
Қар барысының терісі: Туризм академиясының президенті сынға қалды
Қазақстан • Бүгін, 17:30
Шымкентте карантин талаптарын елемеген кәсіпкерлік нысан анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:14
Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін eGov-та 6 қызмет іске қосылды
Қазақстан • Бүгін, 17:00
Былтыр Қызылордада 2181 азамат «Бастау» жобасын онлайн оқыды
Аймақтар • Бүгін, 16:58
Нью-Йоркте Қазақстанның ядролық қаруға тыйым салу туралы шарты талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 16:57
Қызылорадада биыл 98 тұрғын үй салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:52
«Қостанайда жарылыс болады» деген ақпаратты полиция тексеріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:49
Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды
Қоғам • Бүгін, 16:49
Елордалық жігіт көпірден секіріп өлмек болған
Елорда • Бүгін, 16:48
Ақтауда 30 жылдан бері алғаш рет төртем дүниеге келді
Қоғам • Бүгін, 16:40
Гүлшара Әбдіқалықова Социалистік Еңбек ерін құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:39
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 16:33
Елордада көпірден секірмек болған жігіт аман қалды
Қоғам • Бүгін, 16:32
Мемлекет басшысы Бердібек Сапарбаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:15
Жамбыл облысында алғаш рет ауылда мұз айдыны ашылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Ордабасыда құны 1 млн теңгеден астам күркетауықтарды ұрлап кеткен
Қазақстан • Бүгін, 16:05
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 2,1 трлн теңгеге артты
Қоғам • Бүгін, 15:57
Атырауда ішімдік ішкен 20-ға жуық жасөспірім ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
WhatsApp бөтен адамға ақпарат беретіні рас па?
Технология • Бүгін, 15:36
Денсаулық сақтау министрлігі жанынан «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды
Қоғам • Бүгін, 15:30
20 қаңтар: Жетісайда егін маусымы басталды
Аймақтар • Бүгін, 15:26
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазақстан • Бүгін, 15:25
Елордада 10 мың дана экодорба таратылады
Экология • Бүгін, 15:23
Үржарлық полицейлер қалың қармен күресті
Видео • Бүгін, 15:18
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заңнамалық түзетулер мақұлданды
Парламент • Бүгін, 15:13
Алматыдағы метро басшысы тағы ауысты
Тағайындау • Бүгін, 15:08
Жақынына жанашыр болған жетісулықтар
Аймақтар • Бүгін, 15:00
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
Аймақтар • Бүгін, 14:58
Кәсіпкерлердің құқын бұзу дерегі кемімей тұр
Қоғам • Бүгін, 14:57
Түркістанда машина жасау саласына инвестиция тартылады
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Қызылордада былтыр иттердің көмегімен 192 қылмыс ашылды
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Алматыда тұтынушылар мүддесін қорғау үшін 5 мыңдай сертификат қайтып алынды
Аймақтар • Бүгін, 14:31
Қостанай облысында 5 кило есірткі тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:26
Алматының тағы 50 мың тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізеді
Аймақтар • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облысында жұмыссыздық деңгейі 5% құрады
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады?
Экономика • Бүгін, 13:33
Руханият • Бүгін, 13:32
Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
Руханият • Бүгін, 13:10
Германия карантинді 14 ақпанға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 12:53
Сицилияда тұрғын үйлер 1 еуродан сатылып жатыр
Әлем • Бүгін, 12:50
Мемлекеттік басқару Академиясының түлегі Алматыдағы Nur Otan филиалын басқарады
Тағайындау • Бүгін, 12:45
Өткен жылы 99 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды
Қоғам • Бүгін, 12:31
Ұрылар 3 млн теңгенің мүлкін қолды еткен
Аймақтар • Бүгін, 12:26
Жөтелді арақ буымен емдеуге бола ма?
Қоғам • Бүгін, 12:20
Дубайдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 12:16
Қуат Хамитов интернетке қосыла алмағандықтан сот отырысы кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 12:07
21 қаңтарда Сенаттың кезекті отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 12:06
Өмірзақ Шөкеев Түркістанда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады
Аймақтар • Бүгін, 12:03
Аягөзде 5 қабатты 60 пәтерлі екі тұрғын үй бастау алады
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Мағзұм Мырзағалиев қарағандылықтарға жаңа Экологиялық кодексті таныстырды
Аймақтар • Бүгін, 11:55
Атырауда сотталған азамат еріктілер қатарына қосылды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Монархияны сынаған таиландық 43 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 11:46
Глубокое ауданы ауызсумен қамтамасыз етіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Балаларды вакцинациялауға қатысты жалған ақпарат тарады
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Ұқсас жаңалықтар