Аймақтар • 23 Мамыр, 2020

Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Жалағаш ауданында болды

334 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сапар барысында аймақ басшысы елді мекендердің жағдайымен, әлеуметтік нысандардың жұмысымен және «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты. 

Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Жалағаш ауданында болды

«Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауданға 1,7 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды дамыту жобаларына бағытталатын болады және 682 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Алдымен, облыс әкімі Еңбек ауылдық округіндегі спорт кешенінің жұмысымен танысты. Бұл ауылда 2,1 шақырым ішкі жолдарының орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. 

Сондай-ақ Гүлшара Әбдіқалықова Мақпалкөл ауылдық округінде №117 мектептің құрылысымен, «Құрманбай Ата» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.  

Шаруа қожалығы жұмысын 2018 жылы бастаған. Қазір 6 гектар бақта алманың бес түрін өсіріп отыр. Ал, Ә.Оңалбаев атындағы №117 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлкеттік бағдарламасы аясында 219 млн теңге бөлінген, нәтижесінде 71 тұрғын уақытша жұмыспен қамтылды.  

Мұнан соң, облыс әкімі Таң ауылдық округіндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде салынған әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын «Таң ЛТД» ЖШС жүргізіп, балабақша 2017 жылы, ал, спорт кешені 2018 жылы пайдалануға берілген.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайдан кейін экономиканы қалыпқа келтіру маңызды. Ауданда күріш өңдеуден басқа кәсіпкерлік түрлерінің дамуын қолдау үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыруға көңіл бөліңіздер. Сол себепті, аудан әкімдері кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсету керек. Ал, кәсіпкерлер өз кезегінде сапалы өнім шығарып, ауқымын кеңейтуге жұмыс жасау қажет, - деді облыс әкімі. 

Осы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ауданда бірқатар көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады. Дегенмен, кейбір салалардың көрсеткіштері әлі де төмен. Мәселен, жұмыссыздық деңгейі 5% құрап, облыстық 4,8%-дан жоғары болып отыр. Өлім-жітім – 1,4%-ға, туберкулез бойынша аурушаңдық 18,5%-ға жоғарылаған.