Қоғам • 23 Мамыр, 2020

Елорда: Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары маусым айында басталады

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есіл өзені көпірінен «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына» дейінгі аралықтағы Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары 1 маусымда басталады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Елорда: Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары маусым айында басталады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елорда үшін маңызды нысанның құрылыс науқанына дайындығын тексерді.   

Жоба аясында жалпы ұзындығы 17,353 шақырымды құрайтын «Салтанат сарайы» мен «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» арасында жатқан Қабанбай батыр даңғылын 6-8 жолаққа дейін кеңейту көзделген. Бұдан бөлек, жаңарту жұмыстарынан өткен соң елордада Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының арасында көліктік торап пайда болады. Жоба көлік ағынын арттырып, аталған жолда жиі болып тұратын көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді.