Руханият • 24 Мамыр, 2020

Асқар Мамин Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Мамин Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады

«Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Ұлық мейрам адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін, сенім мен ерік-жігерді нығайтатын Рамазан айының аяқталғанын білдіреді.

Алла Тағала ниет еткен жандардың игі істерін, дұғалары мен тұтқан оразасын қабыл етсін! Мұсылмандардың осы қасиетті айда жасаған барлық рухани және шарапаты мол ізгі амалдары жыл бойына ұласып, келесі Рамазан айында еселене берсін. 

Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, татулық пен игілік тілеймін», делінген құттықтауда.