Бұл әрине, баршаны алаңдатары даусыз. Облыстың бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиев карантин мерзімін ұзарту туралы қаулыға қол қойды.
– Атырау облысы аумағында шектеу шаралары, Атырау қаласы, Жылыой ауданы, Мақат ауданы, Мақат кентінде карантин режимі 2020 жылғы 8 маусым сағат 07:00-ге дейін cозылсын. 2020 жылғы 25 мамыр сағат 07:00-ден 8 маусым сағат 07:00-ге дейін Атырау облысының жедел штабымен бекітілген блок-посттарды кесіп өту ережелерінде көрсетілген жағдайлардан тыс, Атырау қаласының карантиндік аймақтарына кіріп-шығуға тыйым салынсын, - делінген қаулыда.
Сондай-ақ сағат 23:00-06:00 аралығында Атырау қаласында, сағат 21:00-06:00 аралығында Жылыой ауданында, сағат 20:00-6:00 аралығында Мақат ауданындағы Мақат кентінде азаматтар мен көліктердің қозғалысына жаппай тыйым салынып отыр.