Аймақтар • 24 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: 90 адамнан COVID-19 белгісі табылды

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде 90 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зерханалық негізде расталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы: 90 адамнан COVID-19 белгісі табылды

Пациенттердің ішінде 60 адам бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған екен. Ал 24 адамның індет жұқтырғаны КВИ-ге скрининг жасау нәтижесінде анықталды.

Науқастардың барлығы инфекциялық стационарларға жатқызылды.
Қазіргі уақытта олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қарағанды облысында 23 мамырдағы жағдай бойынша COVID-19 пандемиясын жұқтырудың 562 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде үш науқас індеттен көз жұмды және 190 адам жазылып шықты.