Руханият • 24 Мамыр, 2020

Димаш Құдайберген жаңа жобасын таныстырды

976 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Манга D’R’S’ - әнші Димаш Құдайбергеннің кәсіби суретшілер мен сценаристер командасы әзірлеген ресми жобасы. Ол әлемнің 8 тіліне аударылған. Жобаның алғашқы шығарылымы бүгін әншінің туған күнінде жарияланды. Бұл туралы dimashmanga.com сайтында жарияланды.

Димаш Құдайберген жаңа жобасын таныстырды

Manga D’R’S’ — қызықты сюжеті бар жапон комикстері (манга) жанрындағы шығармалар топтамасы. Оның кейіпкерлерінің бірі ретінде әлемге белгілі әнші Димаш Құдайберген алынды. Онда әншінің концерттеріндегі суреттері манга форматында салынған. Осылайша Димаш Құдайберген өз мангасы бар әлемдегі ең алғашқы әнші болып отыр.

«Біз өмірі жарқын бояуларға толы ерекше кейіпкерлер іздедік. Димаш Құдайберген дәл біз іздеген кейіпкер болды. Өйткені бүгінде оның өнеріне әлем елдері сүйсінеді. Қай елде концерт берсе де сол елге баруға дайын жанкүйерлері өте көп», дейді жоба ұйымдастырушылары.

Кәсіби суретшілер бұл манганы жасауда дәстүрлі жапон мангасының барлық ерекшеліктерін сақтауға ерекше мән берген. Manga D’R’S’ шамамен 1 шілдеде сатылымға шыға бастайды.