Аймақтар • 24 Мамыр, 2020

Алматы облысында тағы 6 адамнан індет белгісі анықталды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі дерек бойынша Алматы облысында тағы 6 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. Індетке шалдыққандар Талдықорған қаласы мен Ескелді және Талғар аудандарының тұрғындары екен. Ал осы сәтке дейін аймақтағы науқастар саны 284 адамға жетті.

Алматы облысында тағы 6 адамнан індет белгісі анықталды

- Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 6 жағдайы тіркелді. Атап айтқанда, Талдықорған қаласы мен Ескелді және Талғар аудандарының әрқайсысында 2 жағдайдан анықталды.

Анықталған 6 пациент те оқшауланып, инфекциялық бөлімге ауыстырылды. Оның төртеуі бұған дейін коронавируспен ауырғандармен байланыста болғандар, екеуінің сырқаты профилактикалық тексерілуі барысында белгілі болды. Жұқтырғандар арасында биыл дүниеге келген нәресте де бар, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.