Аймақтар • 24 Мамыр, 2020

Қызылорда облысы: Ақбай ауылындағылар алма өсіреді

996 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Арал ауданындағы Ақбай ауылы алыс-жақынға қарбыз-қауынымен танымал елдімекен.  Соңғы жылдары ауылда алма бақ та пайда болды. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев диқандар ауылында болып, шаруалармен тілдесіп, еңбекқор жандардың бастамаларына береке тіледі.

Қызылорда облысы: Ақбай ауылындағылар алма өсіреді

Сегіз гектар аумаққа пленка астына қауын-қарбыз еккен Жаңабай Жолмырзаев бұл әдіс жаңа өсіп келе жатқан өскіндерге жан беретінін айтады. Аудан әкімі бұл бастамаға оң бағасын беріп, тиімді ұсыныстарды қолдауға әзір екендігін білдірді.

Аудан басшысы осыдан бірнеше жыл бұрын алма өсіруді қолға алған жеке кәсіпкер Санат Нұрмановтың алма бағында болды. Кәсіпкер 5 гектар жерге Голден Делишес және Ренет Симиренко атты элиталық тұқымнан 3350 түп алма көшетін егіпті.

Аудан басшысы алдағы уақытта алма өндірісін ақбайлық брендке айналдырсақ деген ұсыныс айтты. Керек кәсіпті қолға алған шаруаға сәттілік тілеп, жергілікті әкімдік тарапынан қажетті қолдау жасалатынын жеткізді.