Әлем • 24 Мамыр, 2020

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да қарулы қақтығыс болды

618 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасында оқ атылды. Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да қарулы қақтығыс болды

Белгілі болғандай, Баткен облысы Баткен ауданы Мойнок елдімекеніндегі қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының учаскесінде Тәжікстанның «Ворух» анклавының тұрғындары  қырғыз аумағында мал жаймақ болған. Қырғыз шекарашылары олардың  бұл әрекетіне жол бермеген.

Бұдан соң белгісіз тәжіктер қырғыз шекарашыларына оқ ата бастаған. Кейінірек бұл атыс сағат 11:40-тарда қырғыз-тәжік шекарашыларының қарулы қақтығысына ұласқан. Қырғызстандықтар арасында зардап шеккендер жоқ.

Сағат 12:20-да Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара өкілдері оқиға орнында кездесті. Қазір қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тұрақталды. Тараптар оқиға фактісі бойынша талқылау жүргізеді.

Бұл шекарашылар арасында мамыр айындағы екінші қарулы қақтығыс. Бұған дейін қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасында  8 мамырда атыс болған еді. Ол кезде Чек Баткен облысында Қырғызстан мен Тәжікстанның шекаралас аудандарының тұрғындары арасында 50 соттық Чек учаскесін пайдалану мәселесіне қатысты мәселе туындаған болатын.