Аймақтар • 24 Мамыр, 2020

Қызылорда облысы: Аралда тұрғын үйлердің іргетасы қаланды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың қатысуымен Арал қаласындағы 2 мөлтек аудан аумағынан әрқайсысы 4 пәтерлі 10 тұрғын үйдің іргетасын қалау рәсімі өтті.  

Қызылорда облысы: Аралда тұрғын үйлердің іргетасы қаланды

Шарада аудан басшысы бас мердігерлер жұмысына сәттілік тілеп, құрылыстың сапалы әрі уақытылы жүргізілуін тапсырды.

- Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінде елімізде тұрғын үй мәселесі ең өткір әлеуметтік проблемалар қатарында тұр. Соның ішінде, ауданымызда да баспана мәселесі өзекті. Осы орайда, өз үйіне қол жеткізгісі келетін аудан тұрғындарының мәселесін шешу мақсатында қолға алынған ауқымды құрылыс жұмысы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда, – деді аудан басшысы.

Тұрғын үйлерді жергілікті «Наурыз құрылыс» ЖШС және «Арал су-құрылысы» ЖШС салады. Жобаның қаржысы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» келісім-шарт негізінде облыстық бюджет есебінен бөлініп отыр. Яғни, жаңа баспанаға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы кезекте тұрған салымшылар қол жеткізе алады. Бүгінгі бастау алған құрылыс жұмыстары аясында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы 50-ге жуық аудан тұрғыны жұмыспен қамтылып отыр.