– Науқастардың арасында Теңіз кенішінің 20 жұмысшысы бар. Сондай-ақ Исатай ауданының тұрғындары –37 жастағы жігіт пен 12 жасар жасөспірімнен де анықталды. Екеуі де бұрын ауырған 62 жастағы әйелмен байланыста болған, -деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.
Ал, облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Амантай Жұмағалиевтың айтуынша, аудандардың тұрғындары да жұқтырды.
– Атырау облысында 6 ауданның тұрғындарынан коронавирус инфекциясы анықталып отыр. Соның ішінде Жылыой ауданында 16, Құрманғазыда – 6, Мақатта – 6, Исатайда – 4, Махамбетте – 1, Индер ауданында 1 дерек тіркелді. Осыған байланысты аудандық бас санитарлық дәрігерлердің қаулысымен Мақат ауданындағы Мақат кенті мен Жылыой ауданында орналасқан Майкөмген кенті карантинге жабылды. Карантин мерзімі 8 маусымға дейін созылады,-деді Амантай Жұмағалиев.
Бүгін Атырауда қауіпті індетті жұқтырған адамдар саны 879-ға жетті. Сауығып шыққандар – 224 адам.