Аймақтар • 24 Мамыр, 2020

Тараз қаласындағы сауда орындарына рейд жүргізілді

650 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда ғана Тараз қаласындағы жазғы қоғамдық тамақтану орындары, шаштараз, сұлулық салоны, кейбір сауда нүктелері сияқты бірқатар нысандарға жұмысын бастауға рұқсат берілген еді. Алайда, басты талап – карантин режимін қатаң сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігін мейлінше қамтамасыз ету еді. Осы орайда, бүгін Тараз қаласы әкімдігінің бастамасымен қаладағы Б.Момышұлы көшесінің бойында орналасқан сауда орындарына рейд жұмыстары жүргізілді.

Тараз қаласындағы сауда орындарына рейд жүргізілді

Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде көптеген жағдайда карантин талаптары сақталмаған болып шықты. Карантин талаптарын сақтамаған азаматтарға хаттама толтырылып, заң аясында шара қолданылды.

Сол сияқты, Тараз қаласындағы Б.Момышұлы көшесінің бойында орналасқан «Мыңбұлақ», «Диана», «Айрылмас», «Зарина» және «Гаухар» сауда орталықтарына да рейд жұмыстары жүргізілді. Мұнда да карантин талаптарын сақтамаған азаматтар анықталып, нәтижесінде оларға хаттама толтырылды. Оларға да заң аясында шара қолданылатын болады.

 

Жамбыл облысы