Спорт • 25 Мамыр, 2020

«Гауһар лигасының» кестесі жарияланды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда World Athletics Токио Олим­пиадасының келесі жылға шегерілуіне және коронавирус пандемиясына бай­ланысты жеңіл атлетикадан ха­лық­­аралық жарыстардың жаңа күн­тізбесін жариялады.

«Гауһар лигасының» кестесі жарияланды

Сонымен қатар халықаралық федерация «спорт падишасы» саналатын спорт түрінің ең маңызды жарысының бірі – «Гауһар лигасының» да жаңа кестесін баршаға таныстырды. Турнир тамызда бас­талып, қазан айында мәресіне жетеді. Жарыстың шымылдығы тамыздың 14-інде Монакода түрілсе, маусымның соңғы жарысы Қытайда өтеді деп жоспарланған. «Гауһар лигасының» биылғы кезеңдері мына қалаларда ұйымдастырылады. Олар: Гейт­шид (16 тамыз), Стокгольм (23 тамыз), Лозанна (2 қыркүйек), Брюссель (4 қыр­күйек), Париж (6 қыркүйек), Рим/Неаполь (17 қыркүйек), Шанхай (19 қыр­кү­йек), Юджин (4 қазан) және Доха (9 қазан).

Айта кетейік, Лондон Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова 2012 және 2017 жылғы «Гауһар лигасында» үш қарғып секіру бойынша екі мәрте жеңімпазы атанған.