Педро Санчес жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Испания карантин талаптарын жоғары деңгейде сақтағанын, соның арқасында келесі айдан бастап тіршілік қайта жанданатынын хабарлады. Сондай-ақ 8 маусымнан бастап ел біріншілігін өткізуіне рұқсат берілгенін де жанкүйер қауымға жеткізді.
Ла Лига ойындары індетке байланысты уақытша тоқтатылғанға дейін турнир кестесінде «Барселона» клубы 58 ұпаймен көш басында келеді. Каталония командасынан екі ұпай қалып келе жатқан «Реал» екінші орында. Ал үздік үштікті 47 ұпаймен «Севилья» қорытындылап тұр. Командалар бүгінге дейін 27 тур өткізген.