Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкімет делегациясы жұмыс сапарымен Жезқазған қаласына және Ұлытау ауданына барды.

Сапар кезінде Е.Тоғжановпен бірге делегация құрамында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек және «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова болды.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жалпы сомасы 3,9 млрд теңгеге 36 әлеуметтік және мәдени-тарихи жобасы жүзеге асырылуда. 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өңірдегі әлеуметтік жұмыс орындарына 472 адам жіберілді. Оның ішінде 113 адам жастар практикасына, 2 694 адам қоғамдық қызметке тартылған. Жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайызды құрайды (2020 жылдың 1 тоқсаны бойынша), өзін өзі жұмыспен қамтығандардың саны – 56,1 мың адам.
Сапар кезінде Премьер-Министрдің орынбасары Алтын Орданың негізін салған Жошы хан тарихи-мәдени орталығының құрылыс барысымен танысты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Жошы хан кесенесін реставрациялауға және тарихиа-мәдени орталықтың инфрақұрылымын құруға республикалық бюджеттен 800 млн теңге бөлінген болатын. Жобада жұмыс істеп жатқан барлық жұмысшылар «Еңбек» бағдарламасы бойынша тартылған. Тарихи-мәдени кешенді осы жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарланып отырғанын айта кетейік.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуымен танысқан Е.Тоғжанов Жезқазған тұрғындарының тұрғын үй және әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерінің қалай шешіліп жатқанына ерекше назар аударды. 2020 жылға дейін жүргізілген техникалық зерттеуге сәйкес 26 көппәтерлі тұрғын үй апаттық жағдайда деп танылған, оның 9-ы күрделі жөндеуді қажет етеді, 17-сі бұзылуы тиіс. Е.Тоғжанов әкімдік 17 апаттық үйдің тұрғындарын үш жылда басқа жерге көшіру бағдарламасын жасағанын айтты.
Өңірде өткір тұрған мәселенің бірі – халықты сумен қамтамасыз ету. Е.Тоғжанов Жезқазған мен Сәтбаев қалаларын сумен қамту мәселесін шешуі тиіс Есқұла су құбырының құрылысына көңіл бөлді.
– Суға байланысты өткен жылы үлкен мәселе болғанын білеміз. Жергілікті халық 11 күн сусыз отырды. Ондай мәселе болашақта қайталанбауы керек. Облыс әкімімен бұл туралы әңгімелестік, шешу жолы анықталды. Облыс басшылығы сумен жабдықтау мәселесін түбегейлі шешуге уәде беріп отыр, – деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Бүгінгі таңда Сәтбаев қаласы ауыз сумен жаңа су жабдықтау жүйесі арқылы қамтамасыз етіліп отыр. 2019 жылы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің бас жобалау институты Жезқазғанда Есқұла су таратқышын қайта қалпына келтіру жобасын жасады. Вице-премьер тұрғындардың әлеуметтік мәселесін шешу Үкіметтің бақылауында екенін баса айтты. Өз кезегінде Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Кеңгір су қоймасынан қосымша сумен жабдықтау жүйесі екі айдың ішінде іске қосылатын хабарлады.
Үкіметтік делегация Жезқазғанда салынып жатқан 900 орындық Назарбаев зияткерлік мектебін аралап көрді. Нысандағы барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта құрылыс аяқталуға жақын. Халықаралық нормаларға сәйкес білім беру нысанының ауласын абаттандыру, ғимаратты жиһазбен толық жабдықтау бойынша тапсырмалар берілді.
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар