Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

Шымкентте карантин және шектеу шаралары 8 маусымға дейін ұзартылды

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы Қаулысы жарияланды.

Шымкентте карантин және шектеу шаралары 8 маусымға дейін ұзартылды

Шымкент қаласының аумағында 2020 жылдың 25 мамыры сағат 07.00-ден бастап 2020 жылдың 8 маусымы сағат 00.00-ге дейін карантин шаралары ұзартылады.

Қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте және қызметі рұқсат етілген объектілерге барғанда бетперде, қолғап, антисептиктер пайдалану міндеттеледі.

Көпшілік іс-шаралар (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық мәдени көпшілік іс-шаралар, конференция, семинар, көрме және т.б) өткізуге тиым салынады.

Шымкент қаласының аумағындағы барлық топтағы объектілер (сауда саласы, қызмет көрсету, қаржы және т.б,) үшін жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеледі. 

Айта кетейік, бұл COVID-19 сырқаттанушылығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында қолға алынып отырған шара.