30 Қыркүйек, 2013

Ирак мешітінде жарылыс болды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 09-Irak meshitinde zharilisИрактағы шииттер мешітінде жарылыс болып,40 адам қаза тапты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Ирактың бірқатар БАҚ өкілдері мәлімдегендей, теракт Эль-Мусаийб қаласында орын алған. Жарылыстан 50-ге жуық адам жарақат алды.

«Аш-Шарк» ақпарат порталының дерегі бойынша, жанкешті террорист көпшілік қауым жиналған мешіттің ішінде өз өзін жарып жіберген. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, тіпті, мешіттің төбесі опырылып түскен екен. Құқық қорғау қызметкерлерінің айтуынша, қирандылар астында әлі де адамдар қалып қойған. Сондықтан қаза болғандар мен жарақат алғандардың саны өсуі мүмкін. Елдегі бірде-бір террористік топ бұл оқиғаға қатысты жауапкершілікті өз мойындарына алған жоқ.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар