Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

Қостанай облысында жүк пойызы жолдан шығып кетті

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 мамыр күні сағат 14.00-де Қостанай облысындағы Құсмұрын – Тобыл темір жол учаскесіне қарасты Қазанбасы – Апанов өткелінде келе жатқан жүк пойызының машинисі локомотив манометрінен вагондар арасындағы ауа қысымының төмендеп кеткенін байқап, жедел тешегішті іске қосқан.

Қостанай облысында жүк пойызы жолдан шығып кетті

Локомотив бригадасы 23 вагонның рельстен шығып кеткенін және темір жол табанына нұқсан келгенін анықтап отыр.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы»  баспасөз қызметінің мәліметінше, бос вагондар тіркелген локомотив сағатына 70 шақырымдық жылдамдықпен келе жатқан. Қазір арнайы комиссия құрылып, апаттың салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр.

 

Қостанай облысы