Экономика • 25 Мамыр, 2020

Шағын компаниялардың қатары көбейіп келеді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олардың ішкі нарықтығы белсенділігі коронадағдарысқа дейінгі  қаңтар, ақпан айындағы көрсеткіштерге жақындап қалды. Тіркелген заңды тұлғалардың 98%-дан астамы шағын компаниялардың үлесінде болып шықты. Олардың саны 2020 жылдың сәуір айының соңында 442,2 мың болды. Мұндай деректерді  rating.kz жариялады.

Шағын компаниялардың қатары көбейіп келеді

Бір жыл ішінде жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар саны 8,4% артып, 307,7 мыңға жетті. Оның ішінде жұмысын тоқтатпағандардың саны –161 мың, бір жылдағы өсім - 1,6%.

Шағын компаниялардың төрттен бір бөлігі сауда және автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу саласында жұмыс істейді: Сәуір айындағы дерек бойынша олардың саны – 38,2 мың. Бұл өткен айдың  осы кезеңімен салыстырғанда 1,1% және өткен жылмен салыстырғанда 1,4% көп.

Сондай-ақ білім беру саласы (15,6 мың компания) және құрылыс (15,2 мың) саласындағы шағын кәсіпорындар маңызды салалардың қатарына жатады.

Барлық жұмысын тоқтатпаған бизнес субьектілерінің 40%-дан астамы екі астананың - Алматы (38,9 мың) және Нұр-Сұлтан (26,5 мың) қалаларында орналасқан.

Қарағанды ​​облысында 10,2 мың компания жұмысын жалғастырып жатыр. Сәуір айында мұндай компаниялардың өсімі  Алматы (+ 1,6%) және Шымкент (+ 1,3%) қалаларында байқалды.