Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

Атырау: Теңіз кенішінің жеті жұмысшысы індеттен айықты

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін осынша адам коронавирус инфекциясынан жазылып, отбасына оралды.

Атырау: Теңіз кенішінің жеті жұмысшысы індеттен айықты

Бұл туралы ақжолтай ақпаратпен бөліскен өңірлік жедел штабтың мәліметінше, індеттен айыққандардың бәрі –Теңіз кенішінің жұмысшылары.

- Қазір үйіне оралған ер адамдардың бәрі өздерін жақсы сезінеді. Олардан коронавирус инфекциясына қарсы алынған тест теріс нәтиже көрсетті, - деп хабарлады жедел штабтан.

Өңірде қауіпті індетті жеңіп шыққан пациенттердің қатары 233 адамды құрап отыр. Оның ішінде Теңіз кенішінің 156 жұмысшысы бар.