Қазақстанда ресми түрде төтенше жағдай тәртібі аяқталды. Бұған қарамастан, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін көптеген аймақта карантин шаралары жалғасуда. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарына халықтың иін тіресіп жиналуына жол бермеу үшін, яғни вирустың жұғу қаупін азайту мақсатында бірқатар нақты шара қабылдады.

Жұртшылық ХҚО-да электронды форматта алу қарастырылмаған, «қағаз» жүзіндегі қызметтерді ғана ала алады. Бұл шамамен 100 мемлекеттік қызмет, оларды алу үшін мекемеге баруға тура келеді. Сондай-ақ egov.kz порталы арқылы онлайн түрде рәсімделген қызметтердің дайын нәтижесін алуға болады. Орталыққа бару үшін алдын ала кезекті брондау міндетті.
Айта кету керек, өзгерістер тек Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен облыс орталықтарында орналасқан ХҚО-ларға қатысты. Аудан орталықтарында және ауылды елді мекендерде орналасқан мекемелер бұрынғыдай жұмыс істей береді.
Кезекке тапсырыс беру керек
Халыққа қызмет көрсету орталығына барарда кезек уақытына тапсырыс беру үшін egov.kz электронды үкімет порталын, eGovKzBot 2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 нөміріне қоңырау шалуға болады. Бронь қызмет алушының ЖСН-ін тіркеу арқылы жасалады. Егер баратын уақытын алдын ала белгілемесе, кезекті сол жерде брондауға болады. Алайда қабылдау дәл сол уақытта болатынына кепілдік берілмейді.
egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын қазақстандықтар үйінде отырып ала алады. Ол үшін электронды цифрлы қолтаңбасы болса болғаны. ЭЦҚ-ны да порталдан алу мүмкіндігі бар.
Кейбір қызметтерді ЭЦҚ-сыз, бір реттік құпиясөздің көмегімен де алуға мүмкіндік жасалған. Ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Қызметтерді онлайн алу бойынша сұрақ туындаса, 1414 номеріне немесе порталдағы виртуалды ассистентке хабарласқан жөн.
Бейнеқоңырау бар
Азаматтарға арналған үкімет операторлары қазақстандықтарға egov.kz порталындағы бейне қоңырау арқылы тікелей кеңес бере алады. Ол үшін парақшаның оң жақ төменгі бұрышындағы «Виртуалды ассистент» батырмасын басып, ашылған терезеден бейнекамераның белгісін таңдайсыз.
Сонымен қатар компьютері немесе интернетке шығу мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін ХҚО ғимараттарынан бөлек, 328 өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды. Олар аудандық әкімдіктердің ғимараттарында, оқу орындарында, медицина ұйымдарында, сауда ойын-сауық орталықтарында және басқа да нысандарда орналасқан. Алдағы уақытта мұндай бұрыштар саны көбейеді. Үш санаттағы азаматтар – зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар электронды қызметтерді ХҚО-ның жеңілдік терезесі арқылы ала алады.
20 мамырдан бастап аймақтық штабтардың рұқсатымен 10 өңірдегі ХҚО мекемелері толығымен жұмыс істейді бастағанын айта кетейік. Бұлар: Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары. Ал Алматы, Шымкент, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында ХҚО тек бизнес өкілдеріне қызмет көрсетеді. Жамбыл облысындағы орталықтар жабық.
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар