Спорт • 26 Мамыр, 2020

Екі ірі турнир өткізілмейтін болды

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық таэквондо федерациясы жарыс күнтізбесіндегі екі ірі турнирдің өткізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Екі ірі турнир өткізілмейтін болды

Осы уақытқа дейін бірнеше рет кейінге қалдырылған әлемдік Sudan Open және Puerto Rico Open додалары мүлде ұйымдас­тырылмайтын болды. Жарыс күнтізбесіндегі соңғы өзгерістерге сай халықаралық федерация жарысты кейінге қалдырмай, түбегейлі өткізбеу туралы шешімді дұрыс деп тапқан.

Айта кетерлігі, халықаралық таэквондо федерациясы Азия аймағының Олимпиадаға іріктеу турнирін де кейінге шегерген болатын. Оның қашан өтетіні әлі хабарланған жоқ.