Спорт • 26 Мамыр, 2020

АПЛ тарихындағы ең үздік тран­с­фер­ жарияланды

22 рет көрсетілді

Ағылшынның әйгілі FourFourTwo басылымы футболдан Англия Премьер-лигасы тарихындағы ең үздік тран­с­фер­ді жариялады.

Үздіктер көшін бұрынғы Франция құра­масының ойыншысы Эрик Кантонаның «Манчестер Юнайтед» клубына ауысуы бастап тұр. Кантона «МЮ» клубына 1992 жылы «Лидс» командасынан 1,34 миллион еуроға ауысып келген. Кантона «Манчестер Юнайтед» құрамында 1992-1997 жылдар аралығында өнер көрсетті. Сол аралықта Ағылшын чемпионатында төрт рет топ жарып, Кубок бәсекесінде екі рет жеңімпаз атанған. Сондай-ақ ол бес жыл ішінде 179 матч­қа қатысып, 81 гол соққан.

Ең үздік трансфер тарихында екінші орынға Англия құрамасының экс-ойын­шысы Сол Кэмпбэлл жайғасқан. Ол 2001 жылы «Тоттенхэмнен» «Арсенал» клубына еркін агент ретінде қосылған. Үшінші сатыға Н’Голо Канте орналасқан. Франция құрамасының жартылай қорғаушысы 2015 жылы «Кан» клубынан «Лестерге» ауысқан еді. Трансфер құны 6,26 миллион еуро болған футболшы қазіргі таңда «Челси» клубының намысын қорғайды.

 

Соңғы жаңалықтар

Қашықтан оқып, тіл үйрен!

Білім • Бүгін, 16:25

Атырауда жазғы дәмхана өртенді

Аймақтар • Бүгін, 13:05

Арақ аурудан айықтырмайды

Коронавирус • Кеше

Ұқсас жаңалықтар