«Головкин – Шеремета жекпе-жегі тамыз айында, ал Канело – Сондерс айқасы қыркүйекке жоспарланған. Әрі қарай оқиға қалай өрбімек? Әрине орта салмақтың екі мықтысы – Головкин мен Канело желтоқсан айында рингте кездеседі. Жыл соңына дейін тіршілік бұрынғыдай қалпына келіп, жанкүйерлер еш кедергісіз Лас-Вегас қаласындағы аренаға кіреді деген үміттемін», дейді Хирн.
Айта кетейік, екі боксшы арасындағы алғашқы екі жекпе-жек Лас-Вегаста орналасқан T-Mobile Arena спорт кешенінде ұйымдастырылған болатын. Бірінші кездесуде (2017 жылдың қыркүйегі) тең нәтиже тіркелсе, екінші айқаста (2018 жылдың қыркүйегі) аздаған басымдықпен Альварес жеңіске жеткен еді.