Бұл есім Калифорния штатының заңына қайшы келеді екен. Американың аталмыш штатының заңы бойынша адам атында цифр болмау керек. Сол себепті ерлі-зайыптылар кенжелерінің атын өзгертуге мәжбүр болған. Енді баланың есім X Æ A-Xii болады.
Айтуға немесе оқуға жеңіл деп ойлайсыз ба? Қызық есімді талдап көрейік. Х дегеніңіз белгісіз айнымалы екен. Æ болса герман-скандинавтардың аңыз халқы әлфтер тілінде Ai деп оқылып, махаббат немесе жасанды интеллект мағынасын береді дейді. A-12 - отбасы ұшағының таңбасы әрі А әрпі Граймстың сүйікті әні «Архангелді» білдіреді. Илонның айтуынша, баланың аты «Икс Эш Эй Туелв» деп оқылады.
Қызық есімді қазақтар ғана емес басқа халық та беретінін біліп жүріңіздер!