Парламент • 26 Мамыр, 2020

Тұрғын үй бағдарламасы операторларының саны қысқарады

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы қаралды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғын үй бағдарламасы операторларының саны қысқарады

Заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген болатын.

Оның міндеттері құрылыс саласы субъектілерін ынталандыруды қамтамасыз ету, ипотекалық кредиттеуді одан әрі дамыту, тұрғын үй құрылысы операторының қызметін оңтайландыру, жұмыс істеп тұрған операторлардың әкімшілік шығыстарын азайтудың есебінен бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады.

Құжатпен бірыңғай оператордың ипотекалық қарыз беру; көппәтерлі тұрғын үйлердегі үлесті сатып алуға арналған қарыздарды  кепілдендіру; инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру жөніндегі қызметі реттеледі.

Заңның қабылдануы еліміздің халқын сапалы және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған мемлекеттік шараларды одан әрі іске асыруға, оның ішінде құрылыс саласына қолдау көрсетуге, тұрғын үй нарығындағы мен ипотекалық кредиттеудегі сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді өсуі үшін жағдай жасау арқылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Құжат Палатаның қарауына жіберілді.