Аймақтар • 26 Мамыр, 2020

Теңіз кенішіндегі жұмысшылардан 8000-нан астам анализ алынған

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Теңізшевройл» ЖШС үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевтің мәлім етуінше, Теңіздегі жұмысшылардың 90 процентінде  короновирустың симтомпсыз жағдайы тіркелген.

Теңіз кенішіндегі  жұмысшылардан 8000-нан астам анализ алынған

–Теңіздегі  жұмысшылардың 90 процентінде індет симптомсыз анықталды. Қазір Теңіз кен орнында ПТР талдауларының саны 8000-нан асты. Орташа есеппен күн сайын 400-ге жуық талдау жасалады,- деді ол.

Бұл тәсіл арқылы науқастармен байланысқан тұлғаларды анықтау статистикаға айтарлықтай әсер етіпті.  Нәтижесінде коронавирус бойынша оң нәтижелер санының өсуін көрсетті. Жаппай сынақтар жүргізу барысында  вирус белгілері жоқ адамдарда да індет анықталғаныпты.

–ТШО мен мердігер ұйымдар санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірге нұсқауларға сәйкес тестілерді жинау, жұқтырған адамдарды анықтау, жеке адамдарды оқшаулау бойынша іс-шараларды жалғастыра береді, - деді Р. Артығалиев.

Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационар коронавирус инфекциясының жұмсақ және симтомпсыз түрімен ауыратын науқастарды қабылдайды. Мұнда арнайы қабылданған хаттамаларға сәйкес 376 адам ем қабылдап жатыр. Сондай-ақ, оқшаулау, әлеуметтік қашықтық, бетперде кию, жеке гигиеналық шаралар  қатаң сақталған.

–Біз барлық мердігерлер мен олардың қызметкерлерінен осы шараларды орындауды сұраймыз. Олай болмаған жағдайда, ТШО келісімшарттар мен еңбек шарттарын бұзуға дейін баратын қатаң шараларды қолданады. ТШО-ның қауіпсіздік қызметі Жылыой ауданының әкімдігімен, облыстық облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен, полиция департаментімен бірлесіп, Теңіздегі ауысымдық лагерлерде осы стандарттардың  орындалуын үнемі қадағалап отырады, - деді Р.Артығалиев.

Соңғы жаңалықтар