Аймақтар • 26 Мамыр, 2020

Қызылорда облысы: Жалағашта жасөспірім суға кетті

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда облысы: Жалағашта жасөспірім суға кетті

Департаменттің мәліметінше оқиға кеше сағат 17.00 шамасында болған. Жасөспірім жігіт дарияның  рұқсат етілмеген аумағына суға түскен көрінеді.

«Оқиға орнына 5 құтқарушы 1 автокөлік және 1 қайық барды. Құтқарушылар жедел әрекетке кірісіп, жасөспірімнің жансыз денесі сағат 18.49 шамасында жағаға шығарылды», – делінген хабарламада.

Облыс аумағында күн күрт ысып, салқындау үшін дария жағалайтындар көбейді. Сондықтан да мамандар суға түскенде қауіпсіздік шараларын барынша сақтауды сұрайды.

Жалпы, жыл басынан бері аймақта 8 адам суға кетіп отыр. Оның біреуі  жасөспірім, екеуі бала, қалғаны ересек азаматтар.