Кешен құрылысының операторы «KPI Inc.» ЖШС-нің мәліметіне сүйенсек, сәуір айында 6 баржамен 17 технологиялық қондырғы Румыниядағы Констанца портына жеткізілген. Ал, Қара теңіз-Волга-Дон каналы арқылы Каспий теңізіне, кейін Жайық-Каспий каналымен Атыраудағы өзен портына тасымалданған.
–Оңтүстік Кореядан пропанды сақтауға арналған әрқайсысы 532,7 тонналық 4 резервуар, жоғары қысымға шыдас беретін әрқайсысы 115 тоннаны құрайтын 3 қазан, жалпы салмағы 177,5 тонналық жоғары қысымды алмастырғыш, әрбірінің салмағы 145 тонна болатын 8 пропанды сусыздандыру реакторы жіберілді. Сондай-ақ, реакторларға арналған 80 тонналық 8 аксессуар жиынтығы қоса жеткізілді. Бұл жүктердің бәрі ірі габаритті, жалпы салмағы – 3 893,3 тонна, ал, биіктігі – 12,5 метр, - деп хабарлады «KPI Inc.» ЖШС.
Атыраудағы өзен портына жеткізілген ірі габаритті жүкті құрылыс алаңына маусымда жеткізу көзделіп отыр.
Атырау