Полиция сержанты 19 қаңтарға қараған түні қызметтік борышын атқару үстінде қаскөйдің қолынан мерт болған еді. Өз отбасын қырып-жоймақ болып қоқаң-лоқы көрсеткен 28 жастағы Тобыл қаласының тұрғыны шақыртумен барған Дарханға пышақ ұрып алған. Санаулы минут ғұмыры қалғанына қарамастан полиция сержанты қаскөйді байлап-матап, отбасына төнген қауіптің алдын кесті. Оқиға орнына келген жедел жәрдем полиция сержантының өміріне араша бола алмады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару барысында ерлік пен жанқиярлық көрсеткен Дархан Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Тобыл қаласының бұрын сотталған 28 жастағы тұрғыны ҚР ҚК 99 бабының 2-бөлімі бойынша айыпталуда. Сот онлайн режімде өтіп жатыр. Алғашқы сот отырысында куәлардың айғағы тыңдалды.
Қостанай облысы