Дәл осындай кеңсе Сарыкөл ауданында да ашылды. Мұнда тұрғындар үшін қажет қызмет түрлерін «бір терезе» арқылы алу мүмкіндігі бар. «Көмек алаңдары» заманауи байланыс және коммуникация құралдарымен қамтылған. Сондай-ақ азаматтарды «опен спейс» форматында қабылдайтын арнайы бөлме де бар. Бұл бөлмеде тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерге қатысты тиісті мемлекеттік орган өкілдерінен толыққанды жауап, я кеңес алатын болады.
«Мұндай кеңселер барлық аудандарға қажет. Бастысы – азаматтар үшін қолайлы жағдай жасалуы керек. «Көмек алаңы» кеңселері мемлекеттік қызмет көрсету барысында халыққа қолайлы кедергісіз орта құруды көздейді. Мұнда тұрғындарға жан-жақты құқықтық кеңес беріледі. Бірақ қазіргі аһуалға байланысты қарым-қатынас қашықтан жүзеге асырылуы тиіс», - деді облыс әкімі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Қуаныш Бекбасов биыл аймақтың барлық қалалары мен аудандарында «опен спейс» форматындағы «Көмек алаңы» кеңселері ашылатынын атап өтті. Оның айтуынша, қазір облыс бойынша 18 кеңсе жұмыс істеп жатыр.
Қостанай облысы