Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру сынды әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі, ағымдағы жөндеу, қайта салу және құрылысын салу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы нысандарындағы күрделі, ағымдағы жөндеу (газ, жылу жүйелері, суқұбырлары, канализация) және қаладағы инженерлік-көлік инфроқұрылымдарды салу, күрделі және ағымдағы жөндеу (автомобиль жолдары мен шағын аудандарды абаттандыру жұмыстары.
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Д.Бегендіковтың айтуынша, Жол картасы шеңберінде бір мектеп салынып, 2 мектепке күрделі жөндеу, 12 мектеп және 4 балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда және жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ 3 театр, 3 спорт нысаны, 4 әлеуметтік нысан, 3 колледж, 3 денсаулық сақтау мекемесі жөндеуден өтеді.