Білім • 27 Мамыр, 2020

Асхат Аймағамбетов: Басты мақсатымыз – бір ауысымды мектептерге көшу

613 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық қоғамдық кеңестің онлайн форматта өткен 3- отырысында білім саласындағы мәселелерді атады.

 

Асхат Аймағамбетов: Басты мақсатымыз – бір ауысымды мектептерге көшу

«Біздің алдымызда тұрған басты мақсат – бір ауысымды мектептерге көшу. Онсыз әрине білім берудің сапасын жақсарту мүмкін емес. Алдағы оқу жылы жаңартылған бағдарламаға көшу толық аяқталады. Енді тек білім сапасын реттеумен айналысатын боламыз», деді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, әуелі білім бағдарламалары мен оқулықтардың сапасын арттыру қолға алынады. Бұдан соң, бағалау нәтижесі жетілдіріледі.

«Тағы да бір өте маңызды  мәселе – тәрбие жұмысы. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дегендей,  қазір мектеп қабырғасында тәрбие жұмысын дұрыс ретке қою мәселесін қолға алдық.  Сондықтан осы жылдан бастап жаңа тәрбие жұмысы парадигмасы іске асырылуда. Ол отбасылық құндылықтарды бойына сіңірген азаматтар қалыптастыруға бағытталған», деді министр.