Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Шымкенттегі дендросаябақта 6,5 шақырым веложол салынады

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта 6,5 шақырымды құрайтын веложол мен 1164 метр болатын  жүгіру жолақтарының құрылысы басталды.

Шымкенттегі дендросаябақта 6,5 шақырым веложол салынады
Демалыс орнының аумағын аралап шыққан қала әкімі М.Әйтеновке дендросаябақта жүргізілетін абаттандыру, веложол мен жүгіру жолақтарын орнату және жарықтандыру жобаларын таныстырды.
 
Қайта жөндеу жұмыстары бойынша баяндаған мекеме басшысы саябақты көгалдандыруға биыл 10 млн-ға жуық қаржы бөлінгенін атап өтті. Бұл қаржыға жасыл желектің қатары толығып, суару жүйесі жаңаланбақ. Сондай-ақ, саябаққа жақын күндері сирек кездесетін гүлдер де отырғызылған. 
 
Төтенше жағдай кезінде кіре берістегі негізгі қақпа жаңаланып, баспалдақтар қайта салынған. Сонымен қатар, демалыс аймағында әжетханалардың саны да артпақ. Жаз мезгілінде қала тұрғындарының басым көпшілігі осы саябаққа келетінін айтқан қала әкімі тынығушыларға қолайлы жағдай қарастыруды айтты.