–Кен орнынан жұмысшыларды шығарудағы мақсат –адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау. Сол арқылы қауіптің індеттің таралып кетпеуіне қол жеткізе алдық, -деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Осы кезге дейін Теңіз кен орнынан 18,5 мың жұмысшы тұрғылықты мекенжайына шығарылды.
–Теңіз кен орнында жұмыс тоқтатылып, адамдар жұмыссыз қалады деген мәселе туындап отырған жоқ. Кеніштегі жұмыс жалғаса береді. Мұндағы ахуал тұрақталған соң, жұмысшылар жұмыс орнына оралады, -деді облыс әкімі.