- Оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бап санкциясы күдіктінің мүлкін тәркілеп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Рудный полицейлерінің әбжіл қимылының арқасында мұнан басқа тағы бір қылмыс ашылып отыр. Полиция басқармасына жергілікті кәсіпорындардың бірінен құны 107 мың теңге болатын мыс кабелі ұрланғаны туралы шағым келіп түскен. Жедел іздестіру шаралары барысында 37 жастағы Рудный қаласының тұрғынын ұсталды. Күдікті жеке меншік иелігінен ұзындығы 15 метр болатын мыс сымды ұрлап, гаражда жасырып қойған. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындап, олжасын металл қабылдау пунктіне тапсырмақ болғанын айтқан. Қазір қылмыстық іс сотқа жіберілді. Ал кәсіпорын басшысы қылмысты ізін суытпай ашып, жоғалғанын тауып берген тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.
Қостанай облысы