Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Қостанай полицейлері онлайн режімде жастарды жұмысқа шақырды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайлық полицейлер  «Zoom» бағдарламасының тікелей эфирі арқылы студенттермен кездесті. Полиция департаменті кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Берік Ержанов заң факультетінің студенттеріне облыс полициясының қызмету туралы және ішкі істер органдарына жұмысқа тұру немесе практикадан өту шарттары мен тәртібі туралы әңгімеледі. Кездесуге 50-ден астам студент қатысты.

Қостанай полицейлері онлайн режімде жастарды жұмысқа шақырды

Полиция өкіліне қойылған сауалдар мазмұны жастардың ішінде құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге ынталылар қатары аз емес екенін аңғартты.  Кадр басшысы студенттерге полиция қызметкері болу үшін қандай талап қойылатыны, қандай заңдарды білу керектігі, тестілеуден қалай өтетіні,  дене шынықтыру дайындығын тапсыру кезінде қандай нормативтер берілетіні туралы баяндады. Берік Ержанов полицейлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау туралы да айтып берді.

Мұндай кездесулер полиция департаменті мен жоғары оқу орындарының ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында үнемі өткізіліп тұрады. Өткен жылы дәл осындай кездесулер арқылы 150-ден астам түлек қызметке қабылданған. Қазір облыстық полиция департаментінде 250-ден астам бос жұмыс орны бар. Жұмысқа тұрғысы келетін жастар Қостанай облысы ПД кадр саясаты басқармасына хабарласып, мән-жайды анықтай алады. Телефоны - 52-60-16, 52-60-93, - деді Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев.

 

Қостанай облысы