Әкімнің таныстырылымындағы жобаның құны қай опция таңдалғанына байланысты 98,4 млрд теңгеден 314,9 млрд теңгеге дейін болатындығы. ЖЭО-нан бөлініп шығатын зиянды қалдықтардың 90-95 пайызға азаятыны осы жиында айтылды.
Сонымен қатар, Сағынтаев модернизацияның құны тарифтерге тікелей әсер ететінін, әкімдік бір бөлігін өтеуге дайын екенін де жиылғандардың қаперіне салып өтті.
Айта кететіні, бұл жобада Алматы әкімдігінің тәжірибесі бар. Мысалы, қоғамдық жолаушыларды тасымалдау шығыны Алматы үшін құны қымбат шығын. Таратып айтсақ, әрбір жолаушының бір реттік жолақысы шамамен 250 теңге. Жолаушы соның бар болғаны 80 теңгесін төлесе, өзгесі Алматы әкімдігі бөлген субсидиямен өтеледі.
Бұл жолы да қала әкімі Алматының ЖЭО газға көшсе, алматылықтардың қалтасына салмақ салмау жағын алдын-ала қарастырып қойғанын айтты. Демек, ЖЭО газға қосылса, тариф қымбаттап кетеді, - деп алаңдауға себеп жоқ.
Осыған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев наурыз айындағы халықпен есепті кездесуінде оңтүстік астанадағы көк түтіннен құтылу үшін жұмыстар жүргізіп жатқанын, бұл тақырып бұған дейін де талай рет көтерілгенін айтқан болатын.
Қала әкімі ЖЭО-2-ге барып, қазандықтардың қалай жұмыс істейтінін көріп қайтыпты. Осыған дейін ЖЭО газдандыру мәселесі туралы сөз болғанда, қазандықтардың жердің бетінде тұратындығы кедергі келтіретіні осыған дейін де айтылған.
Әкіммен кездесу барысында ұққанымыз, жердің астына оның орнына газ құбырларын жіберу арқылы қазандықтардың орнын алмастыруға болатын көрінеді. Сол кезде қала әкімі «Самұрық-Қазына» және «Самұрық-Энерго» компаниясымен келіссөздер жүргізгенін, 2017 жылы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру туралы бұйрық дайындалғанын білдік.
«Бұл тақырыпты зерттей келе, жұмыстың не себепті жүргізілмегенін бақылауға алдық. Қараша айында олар конкурс өткізіп, мердігерді анықтадық. Наурыз-сәуір айларында олар алдын-ала мәліметтерді тапсырады деп келісімге келдік. ЖЭО көмірден газға ауыстыру тарифке әсер етеді. Осы жұмыспен айналысқан сарапшылар «халық бұл қызметтің қымбаттауына дайын ба?» деген сұрақ қойды. Егер керек болса, бюджет бұған да барады. Ең алдымен мұны қалай жүзеге асырамыз, біз соны ойлауымыз керек. Жаңа ЖЭО салына ма, жоқ ескісі газға ауыса ма осы мәселені анықтап алуымыз керек», - деген болатын.
Жалпы, Алматы ЖЭО-2 тек қала әкімінің емес, мемлекеттің бақылауында екені осыған дейін талай рет айтылған.
2020 жылдың басында Экология министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зульфухар Жолдасов Алматыға келіп, Алматыдағы экологиялық мәселелерді 30-дан астам нүктеден шешу үшін егжей-тегжейлі бағдарлама дайындалып жатқанын, автоматтандырылған жүйені қарастыру керек деген шешімге тоқталғанын айтқан болатын. Қазақстанда шаңды тазартатын технологиялық құралдар бар болғанмен, азот пен күкірт диоксидінің сүзгісі жоқ екен.
«Егер біз бір қондырғыны орнатсақ, шығарындыларды 4 мың тоннаға дейін азайта аламыз. Бұл үлкен жетістік, сондықтан біз жылу электр станцияларының шығарындыларын 100% дерлік шешеміз », - дейді Зульфухар Жолдасов.
Техникалық-экономикалық негіздеме және шығарындыларды, соның ішінде газ есебінен азайтудың бірнеше нұсқасы жасалып жатқаны журналистер қауымына ерте көктемде белгілі болған.
Алматылықтарды үш жылу электр орталығы жылу және жарықпен қамтамасыз етеді. Олардың біріншісі - Сейфуллина даңғылында, екіншісі - Алғабас шағын ауданында, үшіншісі - Өтеген батыр ауылында.
Екібастұз көмірі ЖЭО-2-де негізгі отын ретінде қолданылады. Энергия қазандықтары мазутта жұмыс істейді. 2010 жылы ЖЭО -2 плазма-отын жүйелерін сынақтан өткізді. Шенеуніктердің пікірінше, бұл мазутты қолданудан толығымен бас тартуы мүмкін. Осылайша, атмосфераға зиянды шығарындылар екі есе азайтылады. 2013 жылдың жазында бақылау сынақтары сәтсіз болды. Сынақ нәтижелері бойынша ЖЭО-2 басшылығы зауыт процесінде сынақты пайдаланудан бас тартты. 2017 жылғы қысқы Универсиада алдында ЖЭО-2 қайта құрылып, кеңейтілді. Жоба аясында №8 қазандық агрегаты іске қосылды, жобаға салынған жеке инвестиция көлемі 25 млрд теңге.
2017 жылдың көктемінде Алматы ЖЭО-2-ні газға айналдыру мүмкін емес деп мәлімдеді. Бұл сейсмикалық қауіпсіздік талаптарына байланысты. Себебі, станция 12 метрге дейінгі тереңдікте жұмыс істейді. Газдың қысымы ауадан жеңіл. Сондықтан, ол жерге газды жеткізу техникалық жағынан қауіпті. Сол себепті тәуелсіз сарапшылар, өткен ғасырдың сексенінші жылдары салынған және барлық жұмысы көмір мен мазутке өлшеніп салынған ЖЭС-ын газға көшіргеннен жаңа стансия құрылыс салу тиімді екенін айтады.
29 қазанда Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Президентімен кездесуде ЖЭО-2-ні газға айналдыру шығарындыларды 17 есе азайтатынын атап өтті. «Самұрық-Энерго» АҚ қолданыстағы станцияны газға айналдыруды қарастыратын техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуде. Осы жобаның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, сізден «Самұрық-Қазынаға» тиісті құжаттаманы әзірлегеннен кейін барлық процедуралардың өтуін тездетуді тапсыруды өтінемін», - деген қала әкімі .
Мамандардың айтуынша, бір ғана Алматы ЖЭО-нан шығатын күл, зиянды қалдықтар жеткілікті. Оның экологияға кері зардабы туралы мәселе осыған дейін де талай –талай зерттеулердің өзегіне айналған.
Мысалы, ЖЭО жұмыс істеп, зейнетке шыққан маман Александр Бердияев ЖЭС тен бөлініп шыққан зиянды қалдықтар қалалық атмосфераға кері әсер ететінін айтады. Одан бөлек тек Алматыда екі ЖЭО. Алматының ортасындағы ЖЭО-1 газбен жұмыс істейді.
Ал Алматының айналасындағы шағын жылу электро стансиялары әлі күнге дейін көмір мен мазутке тәуелді. «Бір ғана ЖЭО газға көшіру Алматының экологиясын шешпейді, сол себепті Алматының айналасындағы шағын стансиялардың барлығын газға көшіру керек», - дейді Александр Бердияев.
Сол себепті, Алматыға ЖЭО-2 газға көшуі туралы мәселе әлі талай рет зерттелетін, талдауды қажет ететін мәселелердің бірі болып қала беретін сияқты.
Алматы