Бұдан былайғы уақытта малсақ қауым төскейді төрт түлікке толтыру үшін ғылымға мойын бұру қажет. Ендігі арада бұрынғыдай «сен салар да, мен салар» көзқараспен бағымдағы малдың санын көбейте алмайтынымыз белгілі болып отыр.

Облыста асыл тұқымды мал саны біртіндеп өсіп келеді. Ғылымның керегі осы жерде. Өнімі жоғары болғанымен, барынша кірпияз, күй таңдағыш жануарлар өздеріне ерекше қамқорлық жасалғанын қалап тұрады екен. Қазір мал мамандары профилактикалық шаралардың тиісті деңгейде орындалмай отырғанына алаңдаушылық білдіруде. Оның жөні де бар. Көктем шығысымен кене мен өзге де улы жәндіктер күрт көбейеді. Ашығын айтқанда, қазір мал шаруашылығы саласында ғылымның үлес салмағы жыл өткен сайын азайып келеді. Қолындағы қаржысын барынша үнемдеп, пайда табуды көздеген шаруалар профилактикалық іс-шараларға көңіл бөлмей отыр. Бұл орайдағы іс өте қажетті болғанымен, көпшілігі басы артық шығын санайды.
– Шаруалар малдың жем-шөбіне ғана мән береді. Толымды өнім алу үшін бұрынғы әдеттен біржола арылу керек. Мал шаруашылығы маңындағы бар шаруаны толайым зерттеп, зерделегеннен кейін біз мал басының түрлі ауруларға қарсы екпе қабылдауын назардан тыс қалдырмаса екен дейміз. Мәселен, шетелден әкелінген асыл тұқымды мал ең алдымен біздің жерге жерсінуі қажет. Кейде бірқатар аурулар ере келетінін де көріп жүрміз. Бұл жайды да мұқият ескеру қажет, – дейді мал дәрігері Жанғабыл Әкімбаев.
Шеттен әкелінген малды шетелдік дәрі-дәрмекпен емдеп, аурудың алдын алмасаңыз, шығынға белшеңізден батуыңыз да мүмкін. «Асыл Көкше зооветснаб» серіктестігі Еуропа мен АҚШ-тың әйгілі ветеринарлық компанияларымен іскерлік қарым-қатынас орнатқан. Серіктестік мамандары малсақ қауымға ғылыми көмек көрсетеді. Әйтсе де, мал дәрігерлері мал ауруларының жыл сайын өзгеріп отыратынын да ұмытпау керегін айтып отыр. Өрістегі асыл тұқымды мал ғана емес, ауыл тұрғындарының бағымындағы бірер қараға да қауіп-қатер көп.
– Малдың бәрі бір өрісті шиырлайтындықтан, жұқпалы аурулардың етек алу қаупі көп. Негізінде әр отбасы өздерінің бағымындағы малдың барлығына вакцина егулері қажет. Осындай қадамға барса ғана төрт түліктің ағзасын әрқилы ауруларға төзімді етер едік. Алдын алу шаралары мал басын сақтап қалуға ғана емес, оның күйлі де сүтті болуына оң ықпалын тигізеді, – дейді ауыл шаруашылығы вакцинасы бойынша технолог сарапшы Мәриям Әбішева.
Әлемдегі қалыптасып отырған тәжірибені талдап қарасаңыз, иммунитетін жоғарылату бағытында тұрақты ветеринарлық дәрі-дәрмек қабылдаған малдың өнімділігі емделмеген малдан 20 пайызға жоғары екен. Ал жұқпалы аурулардың алдын алуға жұмсалатын қаржы көлемі өте аз. Демек, мал бағып бүйірім шықсын десеңіз, бағымыңыздағы төрт түліктің жайын жаңаша ойлау қажет.
Ақмола облысы
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар