Экономика • 28 Мамыр, 2020

Халық үнемдеуге көшті

107 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сәуір айында сауда желілерінің, бизнес орталықтарының жабылуына, қозғалыстың шектелуіне байланысты қолма-қол ақшасыз, карточкамен жасалған төлемдердің жалпы көлемі сәуір айында айтарлықтай төмендеді. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлады.

Халық үнемдеуге көшті

Биыл алғашқы үш айда карточкамен жасалған төлем көлемі үздіксіз өскен болатын. Сәуір айында бұл оң динамика күрт төмендеп, 18 пайызға, яғни 1 763,7 млрд теңгеге құлдырады. Со­ған қарамастан, былтырғымен салыстырғанда көрсеткіш 2,1 есе жоғары екенін айта кету керек. Былтыр сәуір айында бұл 839,7 млрд теңге болған еді.

Республика бойынша қолма-қол ақшасыз жасалған операция­лар көлемі бойынша алдыңғы орында Алматы қаласы тұр. Одан кейінгі орынға Нұр-Сұлтан мен Түркістан облысы жайғасты. Өсім динамикасы бойынша да осы үш өңір көш бастап тұр.

– Жалпы, халықтың қолма-қол ақ­шасыз төлеген «орташа че­­гінің» көлемі сәуір айында 12 976 теңгені құрады. Яғни нау­рыз айындағы 13,279 теңге­ден аздап төмендегені бай­қал­ды. Ал бан­коматтан алған қара­жа­тының орташа сомасы – 50 875 теңге, – делінген қауым­дас­тық тарат­­қан ақпа­ратта. Қазақ­стан­дық­­тар­дың үнем­деуге көшке­нін осы көр­сет­кіштерге қарап білу­ге болады.

Сәуір айында POS-терминал арқылы жасалған төлемдердің жал­пы сомасы 35,1 пайызға азайып, 292,3 млрд теңгені құра­ғаны анықталды. Ал интернет ар­қылы тө­лемдер көлемі 12,9 пайызға азайып, 1 462,1 млрд тең­ге болды. Осылайша жалпы қол­ма-қол ақшасыз жасалған төлем­дердің басым бөлігі, яғни 82,9 пайызы интернет арқылы жасал­са, 16,6 пайызы POS-терми­нал арқылы төленген.

Қазақстан қаржыгерлер қа­уым­дастығының хабарлауынша, уақыт өткен сайын POS-тер­минал арқылы жасалған транзакция көлемі құлдырап барады. Соңғы 12 айда 18 пайызға төмендегені осыны көрсетіп отыр.

Халықтың төлем қабілетіне ұлттық валютаның долларға шақ­қандағы бағамы да әсер ететіні түсі­нікті.

Кеше Brent баррелі 36 доллардан көтерілген-ді. Сәйке­сінше KASE-нің күндізгі сессия­сында ұлттық валютамыз 411,6 теңгеден саудалана бастады.

Соңғы жаңалықтар