Аймақтар • 28 Мамыр, 2020

Елордада карантин ережелерінің сақталуын қалай бақылауда?

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құқық қорғау органдарының өкілдері, еріктілер қала тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларды маска киюге және басқа да қорғаныс құралдарын пайдалануға шақырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада карантин ережелерінің сақталуын қалай бақылауда?

Тәртіп сақшылары мен еріктілер коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін санитарлық нормаларды мүлтіксіз сақтау қажетін халыққа түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Еріктілер санитарлық нормаларды сақтамау елордада карантин режимін алып тастау уақытын кейінге қалдыруы мүмкін екенін түсіндірумен ғана шектелмей, тұрғындарға маска таратуда. Күн сайын полиция департаментінің қызметкерлері мен еріктілерден тұратын мобильді топтар аулаларды, қоғамдық орындарды, саябақтарды жаяу патрульдейді.

«Біздің елімізде бейбітшілік болсын, баршаңызға зор денсаулық тілеймін. Коронавирус инфекциясын бірлесіп жеңеміз», – дейді маска алған қала тұрғыны.

Қала тұрғындары өзі мен жақындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тиіс. Санитарлық талаптар мен гигиена ережелерін сақтау – вирустың таралуына қарсы күрестің ең дұрыс әдісі. Күнделікті өмір ырғағына оралу елорданың әрбір тұрғынына тікелей байланысты. Сонымен қатар тәртіп сақшылары маска кию режимін, әлеуметтік қашықтықты және карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды.