Бүгін еліміздің басым бөлігі әлі жоғары қысым аумағында болғандықтан, күн райы ашық болады. Тек еліміздің солтүстігінде және солтүстік-шығысында циклон ықпалынан кей жерлерде күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте тұман түсуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, күндіз Қостанай облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жетеді.
Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында және Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты ыстық болуы мүмкін.
Павлодар облысында, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.