Аймақтар • 28 Мамыр, 2020

Көкшетауда су құбырлары жөнделіп жатыр

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Көкшетау қаласының орталық бөлігіндегі кейбір аудандарға су беру уақытша тоқтатылды.

Көкшетауда су құбырлары жөнделіп жатыр

Таңғы сағат 9-дан бастап су құбырының магистральды желілеріндегі ілмекті арматуралар  ауыстырылуда. Мамандардың айтуынша, бұл жұмысқа  шамамен 13 сағат уақыт кеткен.

– Соңғы 10 жылда мұндай жұмыс жүргізілмеген, тіпті кейбір тұсы 20 жылдан бері ауыстырылмаған. Егер бәрін ауыстырсақ, біздің жұмысымыз жеңілдейді, екіншіден тұрғындар да қиындық көрмейді, – дейді «Көкшетау су арнасы» кәсіпорны су құбыры учаскесі бастығының орынбасары Ержан Игебаев.

Мамандар құбыр іске қосылғаннан кейін пәтерлерге судың келуін біршама күте тұру қажеттігін айтуда.